Алматы прокуратурасы және «АЖК» АҚ инвесторларды қолдау туралы келісімге келді

Алматы прокуратурасы және «АЖК» АҚ инвесторларды қолдау туралы келісімге келді

Алматы прокуратурасы маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жалғастыруда.

Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «АЖК» АҚ) инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мәселелері талқыланды.

Өздеріңіз білетіндей, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу және электр қуатын арттыру – инвесторлар алдында тұрған басты мәселелердің бірі.

«АЖК» АҚ Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясын беруді және таратуды жүзеге асыратын электр энергетикалық компания болып табылады.

​Прокуратураның ұсынысы бойынша аталған компания инвесторлар үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдап,  жұмыс тобын құрды.

​ Аталған жұмыстың нәтижесінде алғашқылардың бірі болып цифрландыру саласында жобаны іске асырушы «KCl» ЖШС инвесторына көмек көрсетілді (жобаның құны 7 млрд теңгеден астам), жеделдетілген тәртіппен электр желілеріне қосылуға және оның қуатын ұлғайтуға рұқсат берілді.

(Кәсіпкер деректерді өңдеу орталығының кешені орналасқан әкімшілік-өндірістік ғимараттың құрылысын жүргізуде).  

Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.

Егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асыруда проблемаларыңыз болса, прокуратура қызметкерімен байланысып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығына (байланыс нөмірі +77017755500 немесе QR-код) немесе Алматы қаласы прокуратурасының фронт-офисінен (Желтоқсан көшесі, 189) құқықтық кеңес ала аласыз.

 

Алматы қаласының прокуратурасы