Алматы прокурорлары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша жол картасын әзірледі

Алматы прокурорлары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша жол картасын әзірледі

Қала прокуроры Серік Кәріпбековтың төрағалығымен уәкілетті органдардың кәмелетке толмағандар туралы заңнаманы сақтауы мен қолдануы және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі жөнінде ведомствоаралық кеңес өтті.

Отырысқа ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Б. Зәкиева, қала әкімінің орынбасары А.Б. Нүсіпова, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдары, діни және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қала прокуроры алдын-алу жұмыстарының тиімсіздігін атап өтті. Мектептерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақтандыру және жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша бұзушылықтар, сондай-ақ бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықталды.

Отырыстың қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселелері жөнінде Жол картасына енгізу үшін ұсыныстар тыңдалып, қала прокуратурасы әзірлеген кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуын анықтауға және оларды қорғау бойынша шаралар қабылдауға бағытталған «prokuror _almaty_bala_korgau» QR-коды ұсынылды.

Алматы қаласының прокуратурасы