Ірі ЖЖМ жеткізушісінен 500 млн. теңге айыппұл өндірілді

Ірі ЖЖМ жеткізушісінен 500 млн. теңге айыппұл өндірілді

Прокуратура «Petrosun» ЖШС қызметінен үстемдік жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады.

Тексеру барысында серіктестік монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегендігі анықталды, бұл ӘҚБтК-нің 159-бабы талаптарына қайшы келеді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган өңделмеге қатысты кірістің 5% мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен серіктестік әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырғаннан кейін 542,9 млн. теңге мөлшеріндегі айыппұлдың барлық сомасы мемлекеттік бюджетке төленді.

Алматы қаласының прокуратурасы