Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша

Алматы қаласының прокуратурасы инвестициялық жобаларды тұрақты негізде сүйемелдеуді жүргізеді.

"Damiani" ЖШС логистикалық орталығы Алматы қаласының қоймалық жылжымайтын мүлікті девелопмент нарығындағы бірегей алаң болып табылады (жобаның құны - 7 млрд теңге, 70 адам жұмыспен қамтамасыз етілген). 

Инвестор жылумен қамтамасыз ету үшін газ құбырын бұрғылау жұмыстары жоспарланған тротуар бойымен инженерлік желілерді салуды келісе алмаған.

Бұл істі шешу үшін инвестор аудан әкімдігіне бірнеше рет жүгінген, бірақ нәтижесіз.

Прокуратурамен ұйымдастырылған, аудан прокурорының, аудан әкімінің орынбасарының, қалалық жоспарлау және урбанистика, сондай-ақ Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармаларының басшыларының кездесуінен кейін ғана проблематикалық мәселе шешілді.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс ерекше бақылауда.

Егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асыруда проблемаларыңыз болса, прокуратура қызметкерімен байланысып, прокуратураның кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығы (байланыс нөмірі +77017755500) немесе Алматы қаласы прокуратурасының фронт-офисіне (Желтоқсан көшесі, 189) құқықтық кеңес ала аласыз.

Алматы қаласының прокуратурасы