Прокурорлар арасындағы волейбол чемпионаты аяқталды

Прокурорлар арасындағы волейбол чемпионаты аяқталды

Алматыда Прокуратура күніне орай прокуратура органдарының қызметкерлері арасында Бас Прокурордың кубогы үшін өткізілген волейбол чемпионаты өтті.

Аталған іс-шара Бас прокуратураның бастамасымен Алматы қаласының прокуратурасы «Қазақстан прокурорларының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Соңғы сайыста Алматы қаласының прокуратурасы, Бас әскери прокуратурасы, Қостанай, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының прокуратуралары қызметкерлерінен құрылған команда тартысқа түсті.

Бірінші орын үшін күрес барысында ойыншылар нағыз командалық ойынды, дене шынықтыру дайындығының жоғары деңгейін және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды және Қостанай облысы прокуратурасының командасы жеңіп алды.

Екінші орын Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының командасына, үшінші орын Бас әскери прокуратурасының командасына берілді.

Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер келесі арнайы номинациялармен марапатталды: «Үздік қорғаушы» - Қостанай облысы прокуратурасының қызметкері Абай Қуандықов және Атырау облысының қызметкері Досбол Багытжанов, «Үздік шабуылшы» - Бас әскери прокуратурасынан Науан Уразов және «Үздік ойыншы» - Шығыс Қазақстан облысынан Али Сейілханов болды.

Спорт-ол күш, спорт-ол денсаулық!

Алматы қаласының прокуратурасы