Бүгін Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков ведомствоаралық кеңес өткізіп, онда отбасылық-тұрмыстық салада және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың себептері мен шарттары талқыланды.
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіреді және барлық моральдік және адамгершіліктің барлық нормаларын бұзады.
Қала прокуроры есептік мәліметтерге сәйкес өткен кезеңдегі қоғамдық орындарда 9 мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанын атап өтті. Материалдық құндылықтар - қол сұғушылықтың нысанасы болып табылады. Бірақ бұл қылмыстарды жасау барысында көбіне жәбірленушілердің денсаулығына зиян келтіреді.
Көбіне қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланумен тікелей байланысты.
Қылмыстың осындай түрлеріне қарсы күрес мемлекет, құқық қорғау органдары және қоғам тарапынан бірлескен күш-жігерді талап етеді. Сондай-ақ осы теңдеуден аталған құрауыштардың кез-келгенін алып тастау, олардың күрт өсуіне әкеледі.
Қылмыстың өсуінің маңызды факторы болып, тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтар табылады, өйткені одан кейін барлық құқыққа қарсы іс-әрекеттер, оның ішінде жасөспірімдер, тұрмыстық, әлеуметтік қылмыстар, сондай-ақ меншікке қарсы қылмыстардың барлық дерлік блогы туындайды.
Барлық тараптардың өзара іс-қимылы арқылы ғана азаматтардың өздерін күнделікті өмірде қорғалған тұлға ретінде сезінетін қауіпсіз және тұрақты орта құруға болады.
Қала прокуроры халықпен тығыз жұмыс жасай отырып құқық қорғау органдарының жұмысына жаңа серпін беруді тапсырды.
Алматы қаласының прокуратурасы