Алматы қаласының прокуратурасы инвесторлармен алаңнан тыс кездесу ұйымдастырды

Алматы қаласының прокуратурасы инвесторлармен алаңнан тыс кездесу ұйымдастырды

Мемлекет басшысы прокуратура органдарына маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді тапсырды.

Аталған тапсырманы орындау аясында Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков «Индустриалды аймаққа» барып, сол жерде кәсіпкерлер тап болған проблемаларын анықтады.

Қала прокурорының хабарлауынша, инвесторлардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу және оларға жәрдемдесу мақсатында әрбір маңызды инвестициялық жобаға прокуратура қызметкерлері бекітіліп, сондай-ақ жұмысқа барлық мемлекеттік органдар жұмылдырылды.

Прокурор, прокуратура органдары кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жедел жоюға және барлық мүдделі тараптармен проблемалық мәселелер бойынша сындарлы диалог ұйымдастыруға дайын екенін атап өтті.

Алматы қаласының прокуратурасы