Ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген тағы бір ҰҚТ мүшесі ұсталды

Ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген тағы бір ҰҚТ мүшесі ұсталды

Ағымдағы жылдың тамыз айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі К.С. ұсталды, ол ҚР ҚК-нің 262-бабы 2-бөлігінде және 216-бабы 3-бөлігінде (жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша ұйымдасқан қылмыстық топты құру) көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болды.

Күдікті жосықсыз кәсіпкерлерге жасалмаған қызметтер мен жұмыстар үшін жалған шот-фактуралар жазып берген.

Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал көлемі 870 миллион теңгені құрады.

Тергеу сотының санкциясымен ол күзетпен ұстауда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Күдіктіні ұстауды, Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізді.

Қылмыс жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адамдарды іздестіру жұмыстарын жандандыру жалғасуда.

Алматы қаласының прокуратурасы