Алматы қаласының прокуратурасы «сауна ғимаратындағы балалар лагерінде» кәмелет жасқа толмаған жеткіншекті тәрбиелеу жөнінде құзіреттілігін асыра пайдалану (ҚР ҚК 361) және міндеттерін орындамау фактілері бойынша (ҚР ҚК 140) сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
Балалар лагерін қаржыландыру Алматы қаласы Білім басқармасы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бюджетінің есебінен жүзеге асырылғаны анықталды. Бұл ретте, ұсынылған конкурстық құжаттама қойылатын талаптарға толық сәйкес келмейді.
Қылмыстық істерді тергеу Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.
Істерді тексеру шеңберінде орын алған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау қамтамасыз етіліп, жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары мен лагерь ұйымдастырушыларының іс-әрекеттеріне баға берілетін болады.
ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қылмыстық істер прокуратура органдарының ерекше бақылауында.
Алматы қаласының прокуратурасы