Жас жігіт есірткі заттарын өткізгені үшін 10 жылға сотталды.

Жас жігіт есірткі заттарын өткізгені үшін 10 жылға сотталды.

Медеу соты "А" есімді жас жігітті соттады, ол "Телеграмм"-да "Cesare" "интернет-дүкені арқылы өткізу курьері ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды көріп, есірткіні жасырын белгілеп қою арқылы елеулі табыс табуға уәде берген "Houston" лақап атты адаммен хабарласқан.

Бұдан әрі «А», «Houston» нұсқаулығына сәйкес, жалдамалы пәтерде аса ірі көлемде «мефедрон» дайындап, өлшеп-орауды жүзеге асырған.

Нәтижесінде оны сот кінәлі деп танып, 10 жылға соттады.

Танымал телеграм-арналарындағы жарнама арқылы жастардың есірткі өткізуі танымалдылыққа ие болуда. Оған себеп, тез байып кетемін деген ойлары.

Есірткі диллерлері жастарды, жасөспірімдерді әлеуметтік желілерде жарнама арқылы «тиімді» жұмыс ұсыну арқылы, көбінесе курьерлерлік жұмысты ұсына отырып, жаппай жұмысқа алуда.

Жалған қияли пайдаға ұмтылу, жазаны өтеудің нақты мерзімімен аяқталады.

«Өлімді» тарату жолына түспес бұрын, өзіңіз және жақындарыңыз туралы ойланыңыз!