Алматы прокуратурасы кәмелет жасқа толмағандардың құқығын қорғау үшін мектептерде QR-код енгізеді

Алматы прокуратурасы кәмелет жасқа толмағандардың құқығын қорғау үшін мектептерде QR-код енгізеді

Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен кәмелет жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, «Сенім бұрышы» атты интернет-ресурс пилоттық режимде іске қосылып, QR-коды орта білім беретін отыз мектепте орналастырылды.

Оқушылар мен ата-аналарға ыңғайлы болуы үшін, әр сынып бөлмелерінде балалардың құқықтары бұзылуы кезінде, смартфон камерасын QR-кодқа бағыттау арқылы, мектеп әкімшілігіне анонимді онлайн-өтініштер жасауға жағдай жасалған.

Процесті цифрландыру нәтижесі кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын бұзуға бағытталған 561 құқық бұзушылыққа шаралар қабылдай отырып, жедел ден қоюға мүмкіндік берді.

 Мысалы, оқушылар арасындағы буллинг мәселелері құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Кеңестің отырыстарында қаралды, нәтижелері бойынша 175 оқушы мектепшілік есепке, 98 оқушы тәуекел тобының есебіне қойылды және 1 факт кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.

Пилоттық проект Алатау ауданының оқушылары мен ата-аналары арасында оң бағаға ие болды, енді дәл осындай жұмыс қаланың басқа да мектептерінде жүргізілуде.