Шағын футболдан турнир өткізілді

Шағын футболдан турнир өткізілді

Қала прокуратурасымен қызметкерлер арасында Қазақ КСР-ның прокуроры Өтеген Сейітовтің туғанына 100-жыл толуына орай, шағын
футболдан турнир мен эстафета өткізілді.

Турнирдың ашылу салтанатында қала прокуроры, Өтеген Сейітовтің
өмірі – барлық прокурорларға үлгі боларлықтай және бұл іс-шара оны еске алу мен құрмет көрсету мақсатында екенін атап өтіп, қатысушы командалар ойыншыларына  қатысып жатқандары үшін алғыс білдіре келе, ең мықты команда жеңсін деген, тілек білдірді.

Жарысқа 10 команда қатысып, олардың ішінен 4 команда финалдық
кезеңге өтті.

Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды – қала прокуратурасының құрамасы, 2 орынды – Әуезов ауданының прокуратурасы және 3 орынды Жетісу ауданының прокуратурасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок және мақтау қағаздарымен
марапатталды.