Хайп үшін кәуаптар

Хайп үшін кәуаптар

БАҚ - та және әлеуметтік желілерде Шығыс айналма автомобиль жолының жүру бөлігінің бойында белгісіз тұлғалардың мангалда от жағу арқылы ет қуырып жатқаны турады бейнеролик таратылуда.

Жоғарыда көрсетілген факт адал азаматтар тарапынан кең қоғамдық резонанс пен негізді сынға ілікті.

Жеделдетілген топ (Алматы қ. прокуратура, әкімдік, Полиция департаменттері, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу қызметкерлері қатарынан) бейнероликтің қатысушыларын жедел түрде анықтады.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (әрі қарай-МАӘС) қаулысымен 2020 жылғы 30 наурызда азамат Б.  15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Басқа қатысушыларға қатысты әкімшілік материалдар Алматы қаласының МАӘС-қа жіберілді.

Бұл іс-әрекетке оларды «хайп» мүмкіндігі және оқшаулау кезінде ойын-сауық құруға деген ниеті түрткі болды, алайда олар төтенше жағдайдың тыйым салынған шаралары туралы жеткілікті түрде хабардар болған.

Қала прокуратурасы індеттің таралуына қарсы әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды сақтау бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Төтенше жағдай және карантин жарияланғаннан бері қалада тәртіп бұзғаны үшін 198 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша), оның ішінде 83 адам қамауға алынды (167 шекараны кесіп өту және 31 кәсіпкерлік субъектісі).

Егер Сізге төтенше жағдай тәртібін бұзу фактілері белгілі болса, Жеделдетілген топқа +701-172-27-07, +7-701-755-06-99 нөмірі бойынша хабарлауды немесе мына мекенжайға хабарласуды сұраймыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі 189, кезекші прокурордың телефоны: +7 (727) 265-03-03.

 

Алматы қаласының прокуратурасы