Қала прокуратурасы «БЗЖҚ» АҚ пайдасына 3 млрд теңгеден астам зейнетақы активтерін өндіріп алу және қайтару жөнінде шаралар қабылдады

Қала прокуратурасы «БЗЖҚ» АҚ пайдасына 3 млрд теңгеден астам зейнетақы активтерін өндіріп алу және қайтару жөнінде шаралар қабылдады

Алматы қаласы прокуратурасының азаматтық, әкімшілік істер және атқарушылық іс жүргізу бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасы "HOMEBROKER" АҚ-мен "БЖЗҚ" АҚ пайдасына 3 161 428 049 теңге мөлшерінде зейнетақы активтерін өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдады (Алматы қ. МАЭС-тің 01.07.2016 ж. шешімі).

Атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу кезінде "HOMEBROKER" АҚ - ның борышкердің банкроттығы жолымен "БЖЗҚ" АҚ алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару, кейіннен осы міндеттемелерді есептен шығару және дебитор-аффилиирленген компаниялардан борышты өндіріп алу жөнінде пәрменді шаралар қолданбау фактілері анықталды.

Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша "БЖЗҚ" АҚ "HOMEBROKER" АҚ-мен "Сити Сервис Инвест Строй" ЖШС-нен осы қаражатты өндіріп алу жолымен берешек сомасын сот тәртібімен өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілді, нәтижесінде "БЖЗҚ" АҚ алдындағы "HOMEBROKER" АҚ берешегі толық көлемде өтелді.