Прокуратура бизнес құқықтарын қорғауда

Прокуратура бизнес құқықтарын қорғауда

Прокуратураның мобильді тобының кездесуі барысында, Алмалы
ауданының Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің, бизнес
субъектілерін заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері
анықталды.


Бірқатар кәсіпкерлер ҚР ӘҚБК-нің 505-бабы (абаттандыру
ережелерін бұзу) бойынша өз аумағында қар жинағаны және сақтағаны
үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Алматы қаласының аумағын абаттандыру Ережесінің 88-
тармағына сәйкес, аула аумақтарынан және кварталшілік өтпе
жолдардан тазартылған қарды, жаяу жүргіншілердің еркін жүруіне
және автокөліктің қозғалысына кедергі келтірмейтін орындарда
жинауға рұқсат етіледі.


Аталған фактілер бойынша прокуратура дереу материалдарды
зерттеп, кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік материалдар бойынша
прокурорлық акт келтірді.