Алматы қаласында жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың көлік құралдарын басқару фактілері анықтады.

Алматы қаласында жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың көлік құралдарын басқару фактілері анықтады.

Алматы қаласының прокуратурасы рейдтік іс-шаралар барысында Алматы қаласының ПД-мен бірлесіп бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың көлік құралдарын басқару фактілерін анықтады.


Осылайша 2022 жылғы 3 желтоқсанда полиция экипажы Б. азаматтың басқаруымен «Мерседес» маркілі автокөлігін тоқтатты (10.11.2022 жылы 6 айға айырылды).


Сол күні Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды.


Қала прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және қозғалыстың басқа қатысушыларына қауіп төндірмеуге шақырады.