Вайнерлердің ісі сотқа жіберілді

Вайнерлердің ісі сотқа жіберілді

Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан
қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық)
пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша
қылмыстық істі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына
А. Құрманғалиев, Р. Бурканов, Д. Рахимова, Д. Ча, А.
Рүстемов, Т. Касенов, С. Касенов, Н. Сұлтанбаев, М.
Шерниязов, М. Туребаев, Б. Жармұхамед, Ерлан және Ержан
Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа
жолдады.


Іс фигуранттары А. Ораз бен А. Саидбаев халықаралық
іздестіруге жарияланды.


Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3
автокөлікке, 9 банктік шотқа және 16 компанияның жарғылық
капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынды.


Іс бойынша айыптауды процессуалды прокурор
қолдайды.