«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның новеллалары

«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның  новеллалары

2022 жылдың 5 қарашасында Ел Президенті «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Аталған заңды қабылдаудың негізгі мақсаты прокуратураның құқық қорғау қызметін күшейту, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын нығайту болып табылады.

Заңнамалық актіде алғаш рет Бас Прокурордың Конституция нормаларын түсіндіру үшін Конституциялық сотқа, сондай-ақ сот практикасы мәселелері бойынша түсініктеме беру туралы ұсыныспен Жоғарғы сотқа жүгіну құқығы бекітілді.

Жаңа енгізілімдер прокурорлар шығарған актілерге де қатысты,  атап айтқанда келесі өзгерістер енгізілді:

Наразылықтар бойынша:

Прокурор наразылықты ол бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттігіне байланысты, бірақ кемінде үш жұмыс күніне, өзге қарау мерзімін белгілеуге құқылы, бұл мерзім ескі редакцияда кемінде күнтізбелік он күн болып белгіленген.

Қаулылар бойынша:

  1. жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу туралы;
  2. жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату туралы;
  1. қылмыстық-атқару жүйесі органдары қамауда отырған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға, сондай-ақ пробация қызметтеріне есепке алынатын адамдарға қатысты қолданатын тәртіптік жазалар мен ынталандырулардың күшін жою туралы;
  1. лауазымды және өзге де адамның актісін немесе әрекетін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұру туралы;
  1. сот орындаушыларының заңсыз актілерінің күшін жою туралы;
  2. прокурорлық қадағалау актісін мәжбүрлеп орындау туралы.

Өтініш:

Жаңа өзгерістерге сәйкес прокуратура органдарының басшылары заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды адамдарға, мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға үндеу жасауға құқылы.

Прокурорлық «Заңды түсіндіру» ден қою актісі «ҚР заңдарын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіруге» ауыстырылды.

Прокурорлық қадағалау және ден қою актілері енгізілгеннен кейін бұзушылықтар жасаған адамдарды жауапқа тарту мерзімдері ҚР заңдарында айқындалатын тәртіппен осы акт бойынша шешім қабылданғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Бұдан былай заңдылықтың сақталуын тексеруді ҚР Президентінің немесе Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша, сондай-ақ 18-баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша прокурор тағайындайды және жүргізеді.

Бас Прокурор орынбасарларының, прокуратура органдары басшыларының заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау және жүргізу туралы шешімдері құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау үшін қабылданады:

1) физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты оларды қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдарды;

2) адамдардың шексіз шеңбері;

3) адамдар, қоғам және мемлекет, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін қайтымсыз салдарларды болғызбау үшін қажет болса;

4) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың лауазымды адамдары тарапынан олардың қызметіне араласу фактілері бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері.

5) мұнда кәмелетке толмаған адамдардың құқықтары жөніндегі тармақта енгізілген;

 

 

Алматы қаласының прокуроры

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі

Б. Жүйріктаев