«БАЗИС-А» ЖШС жұмысшыларымен және мердігерлерімен кездесу

«БАЗИС-А» ЖШС жұмысшыларымен және мердігерлерімен кездесу

Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы тұрғын үй
кешендерінің құрылыс нысандарының бірінде уәкілетті мемлекеттік
органдардың шақыруымен «БАЗИС-А» ЖШС қызметкерлерімен және
мердігерлік ұйымдарымен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары,
қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ жалақы бойынша берешек мәселелері
талқыланды.

Алматы қаласы Алмалы ауданының аумағында 12 тұрғын үй
кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Осы объектіде 10-ға жуық қосалқы мердігерлік ұйымдардың
қызметі жүзеге асырылып жатқанын атап өтеміз, бұл өзге де ірі
құрылыс салушыларға да тән.

Қатысушыларға еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді,
оның ішінде міндетті түрде еңбек шарттарын жасасу қажеттілігіне
назар аударылды.