Әлеуметтік желілер арқылы балалардан сыйақы үшін жалаңаш суреттерді сатып алып отырған педофил анықталды.

Әлеуметтік желілер арқылы балалардан сыйақы үшін жалаңаш суреттерді сатып алып отырған педофил анықталды.

Алатау ауданының прокуратурасы мониторинг жасау арқылы «Тикток» әлеуметтік желісінде 7-10 жасар аралығындағы жас қыздардың анықталмаған тұлғамен хат алмасып, ересектердің ойға келмейтін тақырыптарын талқылау фактілері анықталды.

Бұл факт бойынша Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол сыйақы үшін телефон арқылы хат алмасумен балалардан жалаңаш суреттерін жіберуін сұраған, бұл туралы ата-аналарына айтпауды өтінген. Сонымен қатар, ол аталған фото суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерге орналастырған.

Күдіктінің іс-әрекеттері кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және айналымға салу– ҚР ҚК-нің 312-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша алдын ала анықталған.

Қазір күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы төніп тұр.

Іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Құрметті ата-аналар, Сізден балаларыңызды қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз, өйткені мұның себебі балалардың әлеуметтік желілерді бақылаусыз пайдалануы болып отыр.