Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін пайдалана отырып, алаяқтық жолмен Банктің 35 млн теңгеден астам ақша қаражатын ұрлауға тырысқан.

Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін пайдалана отырып, алаяқтық жолмен Банктің 35 млн теңгеден астам ақша қаражатын ұрлауға тырысқан.

Аталған  «D....» сайтында алаяқтар ҚР азаматтарының электрондық сауалнамалық деректерін сатып алып, содан кейін соңғыларының келісімінсіз және ескертусіз Банк сайтында ұялы операторлардың SIM-карталарын пайдалана отырып, несиелер алуға өтінімдер рәсімдеген және интернет-банкинг арқылы ұрланған ақша қаражатын жалған тұлғалардың шоттарына шығарып отырған.

Қылмыс жасау үшін алаяқтар қажетті техниканы сатып алып, абоненттік нөмірлердің бір реттік сим-карталарын пайдалану арқылы банктің жеке кабинетіне тіркелген.

Әрі қарай, банктік картаның деректері мен шоттарына ие бола отырып, олар әртүрлі сомаларға кедергісіз несиені рәсімдеді.

Медеу аудандық сотының үкімімен кінәлілерді аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Қала прокуратурасы мегаполис тұрғындарын сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуді тағы да ескертеді.