Көлік санының көптігі ауаның ластануына себеп болып отыр

Көлік санының көптігі ауаның ластануына себеп болып отыр

Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Экология департаменті және Полиция органдарымен бірлесіп а.ж. қыркүйек айының 9-шы мен 13-ші жұлдызы аралығында «Таза ауа» атты рейдтік іс-шараны өткізді. 

Рейдтік іс-шара барысында автокөліктерден ластаушы заттардың нормативтерден ауытқуын анықтау үшін өлшеулер алынған.                    

Рейдтің нәтижесінде 70 автокөлік тексеріліп, олардың 16-нан ластаушы заттардың нормативтерінің шектен асуы анықталып, көлік жүргізушілері ӘҚБТК-нің 334-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.