Сот Алматы қаласындағы құрылыс жобасын қайта қарау туралы талап арызды қанағаттандырды

Сот Алматы қаласындағы құрылыс жобасын қайта қарау туралы талап арызды қанағаттандырды

Алматы қаласының прокуратурасы Бостандық ауданы, Сәтпаев көшесі 26/4 мекен жайында орналасқан ірі тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде сәулет нормаларының бұзылуын анықтады (құрылыссалушы «Bi-RealtyAlmaty» ЖШС).

Қадағалау органы эскиздік жобада халық пен құрылыс салу тығыздығының рұқсатетілген параметрлері бойынша нормалардан асқанын, әлеуметтік объектілер мен білім беру объектілеріне жүктеменің туындауы мүмкін екендігіне тиісті баға берілмегенін, бұл балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептердің тапшылығына алыпкелетінін анықтады.

18.08.2022   жылы Бостандық ауданы прокуратурасының эскиздік жобаны келісу бойынша уәкілетті органның іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арызы сот шешімімен толық көлемде қанағаттандырылды (шешім заңды күшіне енген жоқ).

Қазіргі уақытта аталған учаскедегі алдын ала құрылыс жұмыстары бұзушылықтар толық жойылғанға дейін тоқтатылды