Прокуратура шаралары бойынша кісі өліміне қатысты күдіктері алынып тасталған адам сотталды.

Прокуратура шаралары бойынша кісі өліміне қатысты күдіктері алынып тасталған адам сотталды.

 

       

2020 жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы Медеу ауданы шағын аудандарының бірінде болған өрттен кейін қарт әйелдің өртенген мәйіті табылған.

Жүргізілген сот-медициналық сараптама әйелдің өлімі техникалық электр қуатымен зақымдану нәтижесінде пайда болған жедел жүрек - тамыр және тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан болғанын көрсетті. 

Өрттің себебі сот-өрт-техникалық сараптамасының қорытындысына сәйкес ұзартқыштың электр сымы жұмысының авариялық режимінің туындауы болып табылады. 

Аталған сот сараптамаларының нәтижелерін ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды. 

Қылмыстық іс материалдарын зерделеу, қайтыс болған адамның туыстарының уәждерін бағалау нәтижелері бойынша Медеу ауданының прокуратурасы іс бойынша іс жүргізуді қайта бастай отырып, қосымша тергеуге бастамашылық жасады.    

Қадағалау органының нұсқауы бойынша мәйітті эксгумациялау жүргізілді және комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды, бірқатар басқа тергеу әрекеттері жүргізілді. 

Қосымша сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі мойынның қолмен қысылуымен механикалық асфиксия болғандығы анықталды. 

Қайтыс болған адамның 18 жастағы немересі қасақана кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Ол сол күні отбасылық жанжалдың салдарынан дене жарақатын алып, содан кейін әжесін өлтіргенін айтып, мойындады. Үйде болған ақша мен зергерлік бұйымдарды иемденіп, қылмыстың іздерін жасыру үшін ол әдейі өрт шығарған. 

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы кісі өлтіргені, сондай-ақ мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды (үкім заңды күшіне енбеді).