Прокурордың талап арызы бойынша Алматы бюджетіне 700 млн теңге қайтарылады

Прокурордың талап арызы бойынша Алматы бюджетіне 700 млн теңге қайтарылады

 

2018 жылы Н. азаматшадан мемлекет мұқтажы үшін Медеу ауданындағы (ауданы 1 га) жер учаскесі мен ондағы тұрғын емес құрылыстар (1600 шаршы метрден астам) тәркіленді. Өтемақы ретінде 696 028 193 теңге төленді.

Тексеру жылжымайтын мүліктің заңда белгіленген тәртіппен заңдастырылмағанын көрсетті, осыған байланысты жергілікті атқарушы орган жауапкердің ерікті төлемнен жалтаруына байланысты осы ақша сомасын өндіріп алу туралы сотқа жүгінді.

Соттың 2020 жылғы 17 наурыздағы шешімімен әкімдіктің талап арызы қанағаттандырылды, сот орындаушысы қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу рәсімін бастады.

Сот шешімін орындау барысында прокурорлар борышкердің 1,8 млрд теңгеден асатын өзінің туысқандарына қасақана аударған басқа да мүлкін анықтады. Осылайша, қарызды төлемеу үшін қаржылық жағдайын жасанды нашарлатқан.

Алматы қаласының прокуратурасы сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.

Сот қадағалау органының талап арызын қанағаттандырды және тараптар бастапқы қалпына келтірілді.

Бұл шаралар бюджет қаражатын мемлекетке қайтару мақсатында борышкердің мүлкін сатуға мүмкіндік береді