Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

30.06.2022 жылы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесті. Іс-шараға қала прокуроры Берік Жүйріктаевта қатысты. 

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.

Жер телімдерін тиісті рәсімдеу, соның ішінде жер телімдерін өздігінен тартып алу бойынша көптеген мәселелер болды, көптеген тұрғындар жылдар бойы жер телімдеріне құжаттарды рәсімдей алмай келеді. Қала әкімі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы»  ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Қазақстан Президентінің қолдауына ие болғанын хабарлады. Заң жобасы Парламенттің төменгі және жоғарғы палаталарында бекітудің екі сатысынан өтті және Президенттің қол қоюына жіберілді, ендігі қыркүйек айында жер учаскелері бойынша өзекті мәселелерді шешу үшін комиссиялар құрылатын болады.

Тұрғындар экология, атап айтқанда «КазФерроСталь» ЖШС қызметі туралы мәселені көтерді. 

Аталған мәселелерге байланысты қала прокуроры аумақтық құқық қорғау құрылымдарына тұрғындардың өтініштері мен проблемаларын талдау, сондай-ақ оларды шешу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.