Прокуратураның талап арызы бойынша Алматы қаласы тұрғынының қайтыс болғаны туралы акті жазбасының күші жойылды

Прокуратураның талап арызы бойынша Алматы қаласы тұрғынының қайтыс болғаны туралы акті жазбасының күші жойылды

Алматы қаласының прокуратурасына азаматша А. оны қайтыс болды деп таныған АХАЖ бөлімі шешімінің күшін жою мәселесі бойынша жүгінді.

Өтінішті қарау барысында прокурорлар азаматша А. танысы оның жеке куәлігін жасатып, өзінің фотосуретін жапсырғанын анықтады.

Яғни, анкеталық мәліметтер азаматша А. болған, ал фотосурет оның құрбысы азаматша Б. болды.   

27.09.2021 жылы азаматша Б. ауруханада қайтыс болды, осыған байланысты Алматы қаласы Түрксіб ауданының АХАЖ жалған құжат негізінде оның қайтыс болғаны туралы акті жазбасын енгізіді.

Осы сәттен бастап өтініш берушінің Қазақстан азаматының конституциялық құқықтарын, мемлекеттік қызметтерді, кепілдендірілген тегін медициналық көмекті пайдалануға мүмкіндігі болмады, өйткені барлық органдарда ол қайтыс болған ретінде есепте тұрды.

Осы мән-жайларды тексеріп, сотқа өз бетінше жүгінудің мүмкін еместігін ескере отырып, Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы өтініш берушінің мүддесінде үшін қайтыс болу туралы акті жазбасын күшін жою туралы талап арыз берді.

Сот қадағалау органының талап арызын қанағаттандырды, АХАЖ талап арызды мойындады, акті жазбасының күші жойылды.

Ресми құжатты қолдан жасау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі екенін еске салады.

Азаматтар дене бітімі, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын жағдайларда прокурор олардың мүдделері үшін сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.