Алматы қаласы Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

Алматы қаласы Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу өтті
2022 жылдың 19 мамыры Алматы әкімі Е.Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті. Шараға қала прокуроры Б.Жүйріктаев және аумақтық органдардың басшылары қатысты.
 
Азаматтар бірқатар әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық мәселелерін көтерді.
 
Кездесу барысында тұрғындар мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін, оның ішінде қалалық инфрақұрылым нысандарына қолжетімділік мәселелерін де көтерді.
 
Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселесін прокурорлар тексеріп жатыр. Қазірдің өзінде нысандарды белгіленген талаптарға сәйкестендіру шаралары қолға алынуда.
 
Сонымен қатар аудан тұрғындарының бірі қылмыстық істі тергеу мәселесі бойынша сөз қозғады.
Өздерін өрт қауіпсіздігі ұйымының қызметкерлеріміз деп таныстырған қаскөйлер кәсіпкерлердің қаражатын иемденген. Бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен екі адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Осындай көп эпизодты қылмыстық істерді тергеп-тексеру тәжірибесін ескере отырып, қала прокуроры одан әрі тергеуді Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасына тапсырды.
 
Алматы прокуроры қылмыстық қудалау мәселелері бойынша жүгінген бірқатар азаматтарды жеке қабылдады. Прокуратура қызметкерлеріне олардың өтініштерін қарау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
 
Отырыс қорытындысы бойынша аумақтық құқық қорғау органдарына ауданда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысты азайту және азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруға қатысты бірқатар жекелеген тапсырмалар берілді.