Прокурорлар балаларды қорғау үшін 100-ден астам тыйым салынған порнографиялық мазмұндағы сайттарды бұғаттады

Прокурорлар балаларды қорғау үшін 100-ден астам тыйым салынған порнографиялық мазмұндағы сайттарды бұғаттады

      Соңғы кездері балаларды қорлау және басқа да балалардың мүдделеріне қарсы заңсыз әрекеттер жиі орын алуда.           

      Қазіргі уақытта Алматы прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және алдын алу бойынша қосымша тиімді шаралар әзірлей отырып, мәселеге егжей-тегжейлі талдау жүргізуде.           

      Қорлау мен сексуалдық әрекеттердің таралуына ықпал ететін триггерлердің бірі балалардың тыйым салынған интернет сайттарына еркін кіруі екені анықталды.            Олар жыныстық зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, жыныстық белсенділікті ерте жастан насихаттайды.         

      Ағымдағы жылдың өзінде прокурорлар 100-ден астам порнографиялық мазмұндағы сайттарды анықтап, бұғаттау шараларын іске асырды. Қазір бұл жұмыс белсенді түрде жалғасуда.           

      Бұл жұмысты күшейту үшін уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.           

       Прокуратура тағы да ата-аналарды балаларының виртуалды өмірін үнемі қадағалап, мінез-құлқына назар аударуға шақырады.