Прокурорлар мүмкіндігі шектеулі жандар құқықтарының бұзылуын анықтады

Прокурорлар мүмкіндігі шектеулі жандар құқықтарының бұзылуын анықтады

Алматы қаласы әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесулерінде әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері жиі көтерілді.           

Нысандарды салу кезінде құрылыс нормаларын сақтамау ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың жүріп-тұру құқығын айтарлықтай шектейді.           

Осыған байланысты Алматы прокурорлары осы санаттағы адамдарға бейімделген жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің жұмыс істеуін қадағалады.            Бүгінде қаладағы бар 68 жаяу жүргіншілер өткелінің 57 (83%) лифт пен көлденең көтергіштер жұмыс істемейтіні анықталды.           

Алайда Алматыда 54 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұратынын, оның 14 739-ның жүріп-тұруында қиындықтар бар екенін айта кеткен жөн.           

Бұл ретте аталған нысандарды күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге бюджеттен жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Тек 2021 жылдың өзінде бұл мақсаттарға 280 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды.           

Қазіргі уақытта көрсетілген фактілер бойынша прокуратура органдарымен бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығына қадағалау актілері енгізіліп, сонымен қатар тексеру шаралары тағайындалды.