Прокуратура Бостандық ауданындағы ірі тұрғын үй кешенінің бірін салушыға қатысты сотқа жүгінді

Прокуратура Бостандық ауданындағы ірі тұрғын үй кешенінің бірін салушыға қатысты сотқа жүгінді

     Қадағалау органы Сәтбаев көшесі 26/4 (құрылыс салушы "Bi RealtyAlmaty" ЖШС) мекен-жайы бойынша орналасқан Бостандық ауданында тұрғын үй кешенін салу кезінде сәулет нормаларының сақталуына талдау жүргізді.

     Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары осы учаскедегі тығыздалған құрылысқа, сондай-ақ саябақтардың, әлеуметтік нысандардың және тұрақ орындарының жетіспеушілігіне наразылықтарын білдірді.

       Прокурорлар халықтың тығыздығы ескерілмегендігін және объектіні салу құрылыс нормаларының шекті рұқсат етілген параметрлерінен асатынын, сондай-ақ білім берудің әлеуметтік объектілеріне түсетін жүктеме ескерілмегенін анықтады.

      Құрылыс салушы 900 орынды құрайтын мектеп салу туралы міндеттеме алды.

      Сонымен қатар аталған нысанның радиусында балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептерге 2274 орын тапшылығы бар, яғни мектеп құрылысы кезінде де 1374 орын жетіспейді. Құрылыс нормалары мен ережелерінің басқа да бұзушылықтары анықталды.    

      Осыны ескере отырып, Бостандық ауданының прокуратурасы эскиздік жобаны келісу бойынша Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының әрекетін заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді.      

      Прокуратура шағын аудан тұрғындарының тілектері мен әлеуметтік мәселелерді ескере отырып, осы нысанның құрылыс тұжырымдамасын қайта қарау қажет деп санайды.         

      Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.