Алматы прокуратурасының қолданған шаралары бойынша мемлекет бюджетіне 2,2 млрд. теңге өндірілді

Алматы прокуратурасының қолданған шаралары бойынша мемлекет бюджетіне 2,2 млрд. теңге өндірілді
        Алматы қаласының прокуратурасы бұған дейін оңтүстік өңірде сұйытылған мұнай газын сату бойынша үстем жағдайға ие «Petrosun» ЖШС қызметіне тексеру жүргізді (нарық үлесі 76,9%).
 
     Мұндай жағдайды теріс пайдалану және автогаз бағасының максималды деңгейін жасанды түрде көтеру фактілері анықталды.        
 
      Нәтижесінде көрсетілген кезеңде отын бағасы бір тонна тауар үшін 323,8% - ға дейін көтерілді.
    Аталған факті бойынша прокуратура ҚР ҚК-нің 221-бабының 2-бөлігі (монополистік қызметті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.
 
    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында мемлекет бюджетіне 2,2 млрд. теңге өндірілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер қазіргі уақытта жария етуге жатпайды.