Алматыдағы ұңғыма мемлекетке қайтарылды

Алматыдағы ұңғыма мемлекетке қайтарылды

Алматы қаласы прокуратурасының талап арызы бойынша Бостандық ауданының «Ерменсай» шағын ауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін су сорғыш станциясы бар ауданы 1 га жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

​Талдау 2007 жылға дейін әлеуметтік маңызы бар нысан мемлекеттік меншікте, «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық басқару құқығында болғаны анықталды.​

Қарасай ауданы әкімдігінің және «Еңбек» РМК қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз «О» ЖШС жерін 470 400 теңгеге заңсыз сатқан. Бұл лауазымды тұлғалар әртүрлі қылмыстар үшін сотталған болатын.

Ұңғыманы сатқаннан кейін компания аудан тұрғындарына су сата бастаған.

Алайда ауыз судың сапасы, кәріз желісінің тозуы және тарифтердің тұрақсыздығы аудан тұрғындарының наразылығын тудырды, сондай-ақ осы фактілер бойынша әртүрлі органдарға көптеген өтініштер келіп түсті.  

Талдау қорытындысы бойынша прокуратура Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арызбен жүгінді.

Сот талап арызды толық көлемде қанағаттандырды, атап айтқанда, ұңғымамен учаскені сатып алу-сату шарты және жеке меншік құқығы актісі жарамсыз деп танылды.

 ​ Қазіргі уақытта объектіні  қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау рәсімі өткізілуде, оның кадастрлық құны 60 млн теңгеден асады.