«Ashyk» көшбасшысы заңсыз жауапкершілікке тартылды

«Ashyk» көшбасшысы заңсыз жауапкершілікке тартылды

Алматы қаласы Бостандық ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Kim Chi» кафесінің иесін карантиндік шектеулер жағдайында жұмыс режимін бұзғаны үшін негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартты(ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша).

Мониторингтік топ мекеме сағат 20:00-ден кейін жұмыс істегенін анықтады, осыған байланысты кәсіпкерге 670 910 теңге немесе 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Алматы қаласының прокуратурасы әкімшілік істі тексерген кезде кафенің «Ashyk» көшбасшысы мәртебесін алғанын және оның жұмыс режимі сағат 22:00-ге дейін ұзартылғанын анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулының күші жойылды, кәсіпкер заңсыз салынған айыппұл төлеуден босатылды.