Finiko компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды
![Finiko компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды]()
- Алматы қаласының прокуратурасы жанында көлеңкелі экономика және қаржы пирамидаларына қарсы күрес бойынша мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан ведомствоаралық жұмыс тобы тұрақты жұмыс істейді.
- Әлеуметтік желілердің мониторингімен азаматтардың ақшалай қаражатын ай сайын енгізілген соманың 150%-на дейін (ең төменгі салым 500 АҚШ доллары) сыйақы беру шартымен тартатын The Finiko компаниясы анықталды.
- Компанияның сайтына сәйкес салымшылардың саны әртүрлі елдерден (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Белоруссия, Өзбекстан, Түркия және т.б.) 165 мыңнан асады.
- Алматы қаласы прокуратурасының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі компанияның қызметіне талдау жүргізді және қаржы пирамидасының белгілері туралы қорытынды берді.
- Осыған байланысты, прокуратура қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды қолға алып, Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп The Finiko компаниясының заңсыз қызметі расталды.
- 2021 жылғы 7 шілдеде СДТБТ-де тіркеу жүргізілді және ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде ақша қаражатын тарта отырып, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы, қылмыстық топты құру және оған басшылық ету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
- Алматы қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын бақылауға алды.
- Жоғарыда аталған компанияның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментіне келесі +7 701 888 82 06 нөмірі бойынша хабарласа алады.
- Алматықаласының прокуратурасы