Finiko компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Finiko компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласының прокуратурасы жанында көлеңкелі экономика және қаржы пирамидаларына қарсы күрес бойынша мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан ведомствоаралық жұмыс тобы тұрақты жұмыс істейді.

Әлеуметтік желілердің мониторингімен азаматтардың ақшалай қаражатын ай сайын енгізілген соманың 150%-на дейін (ең төменгі салым 500 АҚШ доллары) сыйақы беру шартымен тартатын The Finiko компаниясы анықталды.

Компанияның сайтына сәйкес салымшылардың саны әртүрлі елдерден (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Белоруссия, Өзбекстан, Түркия және т.б.) 165 мыңнан асады.

Алматы қаласы прокуратурасының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі компанияның қызметіне талдау жүргізді және қаржы пирамидасының белгілері туралы қорытынды берді.

Осыған байланысты, прокуратура қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды қолға алып, Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп The Finiko компаниясының заңсыз қызметі расталды.

2021 жылғы 7 шілдеде СДТБТ-де тіркеу жүргізілді және ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде ақша қаражатын тарта отырып, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы, қылмыстық топты құру және оған басшылық ету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Алматы қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын бақылауға алды.

Жоғарыда аталған компанияның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментіне келесі +7 701 888 82 06 нөмірі бойынша хабарласа алады.

Алматықаласының прокуратурасы