Прокуратура 100 мыңға жуық такси жүргізушісінің құқығын қорғады

Прокуратура 100 мыңға жуық такси жүргізушісінің құқығын қорғады

     Алматы қаласының бірінші сатыдағы соты осыған дейін  «G-taxі» ЖШС-нің талап арызы бойынша «Яндекс.Такси» компаниясын Қазақстан Республикасының аумағында таксиге тапсырыс беру жүйесіне байланысты ақпараттық қызметтер көрсетуді тоқтатуға міндеттеді.

​    Алматы қаласының прокуратурасы аталған сот шешіміне апелляциялық өтінішхат енгізді, өйткені 100 мыңға жуық такси жүргізушісі жұмыссыз қалуы мүмкін болды.

​   Бүгінгі күні апелляциялық сатыдағы сот алқасы істі қайта қарап, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімінің күшін жойып, «G-taxi» ЖШС талаптарын негізсіз деп тани отырып, жаңа шешім шығарды.

 

 

Алматы қаласының прокуратурасы