Қара топырақты ұрлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Қара топырақты ұрлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, қоғамдық қорғаушылардың қатысуымен жүргізілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстары барысында жер топырағының құнарлы қабатының(қара топырақ) бақылаусыз айналымы фактілерін анықтады.

Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумағында анықталмаған тұлғалар рұқсат құжаттарынсыз қара топырақ, топырақ және балласт өндіру жұмыстарын жүргізген.

Заңсыз өндірілген топырақ негізінен құрылыс жұмыстары үшін шикізат ретінде пайдаланылады.

​Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы Полиция департаменті 2021 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

​Қазіргі уақытта барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

 

 

Алматы қаласының прокуратурасы