Прокурорлар Кәсіпкерлер қауымдастығымен кездесулер өткізді

Прокурорлар Кәсіпкерлер қауымдастығымен кездесулер өткізді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін ағымдағы жылдың 30 наурызында Алматы қаласының прокуратурасы органдары Кәсіпкерлер қауымдастығымен онлайн-форматта бірқатар кездесулер ұйымдастырды.

Кездесуге «Атамекен» ҰКП Өңірлік кәсіпкерлер палатасының және тиісті мемлекеттік органдардың басшылары да қатысты.  

Бизнестің олардың дамуына теріс әсер ететін проблемалық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, мониторингтік топтардың карантиндік шараларды сақтауы, тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен электрондық шот-фактураларды енгізу, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша автотасымалдаушыларды субсидиялау, медициналық қызметке лицензия беруден бас тарту, жарнама таратушыларға хабарламалар беру және басқа да мәселелер қаралды.  

Қорытындысы бойынша бизнеске көмек көрсету туралы, ал егжей-тегжейлі зерделеуді талап ететін мәселелер бойынша тексерулер мен талдаулар жүргізу, кейіннен шаралар қабылдау туралы шешімдер қабылданды.

Көтерілген проблемалардың өзектілігін ескере отырып, мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады.

Алматы қаласының прокуратурасы