Автобус парктеріне 300 млн. теңгеге заңсыз айыппұл салынды

Автобус парктеріне 300 млн. теңгеге заңсыз айыппұл салынды

        Алматы қаласының прокуратурасы «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің оқшауланған жолағы бойымен маршруттық автобустардың қозғалысы үшін тасымалдаушыларды әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілерін анықтады.

       Мұның бәрі автобустардың қоғамдық жолақпен жүруіне рұқсатты жоғарыда аталған жүйеге уақтылы енгізбеуіне байланысты болды.

       Нәтижесінде, 21 автобус паркіне заңсыз түрде 28 мыңнан астам ұйғарым жазылып, 300 млн.теңгеге жуық айыппұл салынды.

       Прокуратураның ұсынуы бойынша заңсыз шешімдердің күшін жою және әкімшілік іс жүргізуді тоқтату арқылы бизнес субъектілерін әкімшілік процестің шеңберіне заңсыз тарту практикасының жолы кесілді.