11 өнім берушіге 60 күннен артық төлем төленбеді

11 өнім берушіге 60 күннен артық төлем төленбеді

Талдау нәтижелері бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы «Орталық қалалық клиникалық аурухана» МКК қызметінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау шеңберінде өнім берушілерге уақытылы төлем жүргізбеу фактілерін анықтады.    

Заңнама нормаларына сәйкес жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей (тараптар қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап) жүргізеді.

Алайда Тапсырыс беруші жоғарыда көрсетілгенді елемей, 60 күнтізбелік күннен астам (60-тан 170 күнге дейін) жалпы сомасы 7,8 млн.теңгеге жеткізілген тауарлар үшін толық көлемде төлем жүргізбеген.

Ұсынуды қарау қорытындысы бойынша Тапсырыс беруші 11 өнім берушіге төлемді толық көлемде жүргізді, кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.   

Алматы қаласының прокуратурасы