«OLIMP KZ» букмекерлік кеңсе басшыларының мүліктері тәркіленді

«OLIMP KZ» букмекерлік кеңсе басшыларының мүліктері тәркіленді

Алмалы аудандық соты 2021 жылғы 16 ақпанда Алматы қаласы прокурорының халықаралық іздестіруге жариялаған букмекерлік қызмет түрімен заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған «OLIMPKZ» Букмекерлік кеңсесі» ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтінішхатын қанағаттандырды.

Сот актісімен 3,6 миллиард теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік мемлекет кірісіне айналдырылды.

Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы