Қолма-қол ақшаға 147 млрд.теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазылды

Қолма-қол ақшаға 147 млрд.теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазылды

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласының экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер органдары көлеңкелі экономикамен белсенді күрес жүргізуде.

Өткен жылы ақшаны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты 82 құқық бұзушылық, оның ішінде 3 ұйымдасқан қылмыстық топ жасағаны анықталды.

Қолма-қол ақшаға 147 млрд.теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазылды, бюджетке төленбеген салық 29 млрд. теңгеден асты.

Сотқа 65 іс жолданды, 11 тұлға түрлі жазалау шараларына сотталды.

Салық органдары соттарға қолма-қол ақша компаниялары мен олардың контрагенттері арасындағы мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 165 талап арыз енгізді, олардың 62-сі бойынша 11 млрд.теңгеге қанағаттанарлық шешімдер шығарылды.

Алматы қаласының прокуратурасы адал салық төлеушілерді сенімсіз кәсіпорындармен өзара қарым-қатынастан қорғауға шақырады.

 

Алматы қаласының прокуратурасы