Прокурорлар сенат депутаттарымен кездесу өткізіп, заңнаманың жаңа нормаларының орындалу жағдайын көрсетті

Прокурорлар сенат депутаттарымен кездесу өткізіп, заңнаманың жаңа нормаларының орындалу жағдайын көрсетті

Бүгін Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчидимен бірге Алматы қаласының прокуратурасында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Владимир Волков, Сәуле Айтпаева және Сұлтанбек Мәкежановпен кездесті.

Спикерлер Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қылмыстық қудалау органдары прокурорлардың негізгі процессуалдық шешімдерді электронды форматта келісуін қарастыратын жаңа тәртіпке көшкенін айтты.

Кездесу барысында СДТБТ ақпараттық базасы таныстырылды, онда прокурормен келісім бойынша тергеушілер адамды күдікті деп тану, іс-әрекетті саралау, мерзімдерді үзу, істі тоқтату туралы процестік шешімдер, сондай-ақ адамды айыптау хаттамасы және бұйрықтық өндірісін қолдану туралы қаулы қабылдайды.

Марат Ахметжановтың айтуынша, жаңа енгізілімдер уақытты үнемдейді, ашықтықты қамтамасыз етеді және азаматтардың қылмыстық процесс шеңберіне негізсіз тартылуын болдырмайды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы