2,7 мың мүгедектің құқықтары қалпына келтірілді

2,7 мың мүгедектің құқықтары қалпына келтірілді

Заңнамаға сәйкес бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жеке көмекші (мүгедекті тұрғылықты жерінен белгілі пунктіне дейін және кері алып жүру бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін маман, сондай-ақ мүгедек мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға барған кезде) жүзеге асырады.

Олардың қызметі мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылады және «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» КММ бақылауында болады.

Сонымен қатар прокурорлар демалыс және мереке күндері бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшілердің әлеуметтік қызмет көрсетпеу фактілерін анықтады.

Бұл бұзушылықтарға шартта жеке көмекшіні демалыс және мереке күндері бірінші топтағы мүгедекке қызмет көрсетуге міндеттейтін норманың болмауына байланысты жол берілген, бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді

Медеу ауданы прокурорының қадағалау актісі бойынша шарт талаптары заңнама талаптарына сәйкес келтірілді, 2729 мүгедектің құқықтары қалпына келтірілді және қазіргі уақытта демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, қызметтер шектеусіз ұсынылады.

 

Алматы қаласының прокуратурасы