Бизнесті қорғау жалғасуда

Бизнесті қорғау жалғасуда

Жетісу ауданының прокуратурасы уәкілетті органның кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартуы фактілерін анықтады.

Әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақы және кәсіптік жарналарды төлеуді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға салымдар мен аударымдарды уақтылы жүзеге асырмағаны үшін кәсіпкерлерді 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін жауапкершілікке тартқаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес белгіленген кезеңге микро, шағын, орта немесе ірі кәсіпкерліктің субъектілері осы міндеттерден босатылған.

Қадағалау актілері бойынша 20 әкімшілік материал күшін жойды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

 

 

Алматы қаласының прокуратурасы