Прокуратура 70-тен астам кәсіпкердің құқығын қалпына келтірді

Прокуратура 70-тен астам кәсіпкердің құқығын қалпына келтірді

Бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында Алматы қаласының прокурорлары 70-тен астам кәсіпкердің құқықтарын қалпына келтірді.

Егер бір жағдайда 48 кәсіпкер салықтық есептілікті ұсынбағаны үшін заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылса (ӘҚБтК-нің 272-бабы 1-бөлігі), ал екінші жағдайда – 23 салық төлеушіге банктік шоттар бойынша шығыс операциялары негізсіз тоқтатылды (Салық кодексінің 118-бабына сәйкес салықтық берешекті өтегеннен кейін бір тәулік ішінде күшін жояды).

Уәкілетті органдардың бұл заңсыз шешімдерінің күшін Түрксіб және Бостандық аудандарының прокурорлары жойды, өйткені салық есептілігі мерзімінен бұрын беріліп, салық берешектері өтелді.

Қабылданған шаралармен кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы