400 астам бала қорғалды

400 астам бала қорғалды

Алатау ауданының прокуратурасы әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қаржылай көмек көрсету саласындағы заңдылықтың бұзылуын анықтады.

Алатау ауданының мектептерінде жоғарыда аталған санаттағы 586 бала оқиды, олардың 410-ы тиісті 30 000 мың теңгенің орнына 23 000 теңгеден ғана алды, жалпы алынбаған сомасы-2,8 млн.теңгеден астам.

Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар жазаланды, 410 кәмелетке толмағандардың құқықтары қалпына келтірілді және 2,8 млн.теңге сомасында қосымша есептеу жүргізілді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы