Алматы қаласының прокуратурасы «Алатау инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында (бұдан әрі - ЖШС) жұмыс істейтін 54 инвестордың құқықтарын қорғады.
ЖШС арнайы экономикалық аймақтың аумағын күтіп ұстау жөніндегі қызметтердің құнына қосымша шығындарды негізсіз енгізген.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметтердің құны төмендетілді, бұл АЭА қатысушыларының мүдделерін қорғауға және бизнеске негізсіз қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.
Жол берілген бұзушылықтар үшін кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою жұмыстары жалғасуда.
Алматы қаласының прокуратурасы