Мобильді топ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

Мобильді топ кәсіпкерлердің  құқықтарын қорғады

Бұған дейін қала прокурорының өкімімен прокуратура қызметкерлері мен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатарынан «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ құрылған болатын.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау барысында мобильдік топ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.

Мысалы, Бостандық ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу шарты аясында орындалған міндеттемелер үшін «Алматы Су» МКК жеткізушілеріне 20 күнтізбелік күннен артық ақша төлемеу фактілерін анықтады.

Заң бойынша Тапсырыс беруші шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдағаннан кейін ақы төлеу мерзімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.  

Қадағалау актісі бойынша 27 жеткізушіге 36 млн.теңге сомасында төлем жүргізілді.

Бұдан басқа, Медеу ауданының прокуратурасы қоғамдық тамақтану саласында үй-жай ашу және оның жұмыс істеуі мәселесін шешті, бұған дейін қылмыстық қудалау органымен мөрленген болатын.

Прокуратура қылмыстық іс бойынша нұсқау бергеннен кейін кәсіпкер өзінің мейрамханасын ашып, штаттық режимде жұмыс істейді.

Бизнесті қорғау жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, бұл топ тәулік бойы жұмыс істейді.

Кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласудың барлық фактілері бойынша  +7701 775 55 00 бірыңғай нөмірі бойынша немесе Telegram-арнаға https://t.me/zashitabiznesaalmaty сілтеме бойынша хабарласуды сұраймыз.

 

Алматы қаласының прокуратурасы